Жетібай-Жаңаөзен-Түркіменстан тас жолының 78-шақырымында жүк көлігі жолдан шығып кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Көлікті видеоға жолай кездескен адамдар түсірген. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреулер жүргізушіні тонап, құжаттарын алып кеткен.
Алайда полиция департаменті тонау болмаған дейді.
"DafXF" маркалы автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. Жүргізушінің жағдайын медицина қызметкерлері тексерді.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады полиция департаменті.