2022 жылдың бірінші тоқсанында облыстың коммуналдық ветеринарлық ұйымдары қоршаған ортаны 2200 бұралқы ит пен 201 жабайы мысықтан тазартты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жануарларды ұстау және жою жұмысы наурыз айына дейін жүрді.
– Қазақстанда 1 наурыздан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына өзгерістер енді. Заңның 15-бабына сәйкес жануар адамға шабуылдаса, өмірі мен денсаулығына зиян келтірсе, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қауіп төндірсе ғана оны өлтіруге болады. Ал басқа жағдайларда жануардың көзін жоюға, жаралауға жол берілмейді. Осы себептен, бұралқы иттер мен жабайы мысықтарға тұрғындардан арыз түскенде ғана шара қолдана аламыз, – деп түсіндірді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов.