Биыл Ақтауда жасыл-желектерді құбыр арқылы суару жұмыстары жоспарланған уақыттан ерте басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінші, қазір қалада 55 шақырымды суару құбыры бар. Олар кезең-кезеңмен іске қосылып жатыр
- Қала бойынша көгалдарды суару жұмыстарын бастап кеттік. Бұл жұмыстар жоспарға сәйкес 1-мамыр басталу тиіс болатын. Тамшылата суаруға арналған құбырлар 4 шағынауданнан бастап 12 шағынауданға дейінгі көше бойында орналасқан, оның ішінде скверлер бар. Сонымен қатар, "Грин плаза" тұрғын-үй кешенінен бастап 18 және 20 шағынаудан аралығындағы аркаға дейін, "Дина”гипермаркетінен “Қан орталығы” ғимаратына және әрі қарай "Кездесу” жанармай стансасына дейінгі көше периметрі бойында құбырлар іске қосылуда,- дейді "Ақбота" МКК директоры Мұрат Көпенов.
Одан өзге шағынаудандардың периметрі бойынша 5 жыл мерзімде жоспарланған қосымша 120 шақырым суару құбырының 40 шақырымы тартылды. Бұл жұмыстар мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалғасады.