Қоғам қайраткері Влад Ротмистров ҰОА есте мәңгі сақтау үшін көпшілікке ұсыныс тастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Фейсбуктегі парақшасында Влад Ротмистров қала тұрғындарына «Бабалар бағын» құру туралы ұсыныс айтты.
«Соғыста қаза тапқан ата-бабасының есімін мәңгі қалдырғысы келетін әрбір адам олардың құрметіне ағаш отырғызып, тақтайшаға аттарын жазып ағашқа іліп қоюға болады. Әр адам талды өзі егіп, өзі өсіруі керек. Бұған дейін көптеген оң пікір алдым, қала әкімі де хабарласып, идеяны талқылауды ұсынды. Бірақ осы уақытқа дейін одан әрі асып кеткен жоқ. Қалай болғанда да мен саябаққа өз ағашымды отырғызамын, көп адам қосылса керемет болады. Әрине, жер қазуға жағдайы жоқ болып ағаш отырғыза алмай жүргендер де болуы мүмкін. Сондықтан шұңқыр қазуға көмектесетін, құрал-саймандары мен су таситын техникалары бар топ болса жақсы еді», - дейді ол.