27 сәуір күні сағат 11:05-те Ақтау қаласы ПБ 102 кезекші пультіне 15-шағынаудандағы жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Kia Sorento" автокөлігі жаяу жүргінші жолағынан самокатпен өтіп бара жатқан 9 жасар баланы қағып кетті.
Зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.