Өрттен екі адам қаза тапқан. Бұл туралы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, 2020-2021 жылдары облыс аумағында орманды дала өрттері тіркелмеген. Биыл мамыр айынан бастап өрттің шығу қаупі жоғары маусым аяқталғанға дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ облыс аумағында өрт ошақтарының координаттары туралы жедел ақпаратты ұсынып, ғарыштық мониторинг жүргізіледі.
Төтенше жағдайлар департаменті басшысының айтуынша 2022 жылдың басынан бері Маңғыстау облысында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 1 адам қаза тапты.
"Жүргізілген талдау нәтижесінде суда қаза табудың негізгі себебі қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан болып отыр. Атап айтқанда тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда және суға мас күйінде шомылу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырушы ата-аналардың жауапсыздығы қайғылы оқиғаларға себеп болуда. Қазіргі уақытта шомылуға 6 тыйым салынған және 38 рұқсат етілген учаске анықталды. Дәлірек айтсақ, Ақтау қаласында 21, Түпқараған ауданында 5, Қарақия ауданында 12 орын бар", - деді Мұрат Мұханов аппарат жиынында.
Өңір басшысы адам өлімінің алдын алу шараларын күшейтуді, суға түсудің маусымы басталғанға дейін қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.