2021 жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1228 қатысушы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен аппарат жиынында айтылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның ішінде 202 қатысушы өз жобасын қорғап 1 млрд теңге қаражатқа несие алып, кәсіп бастаған. Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы аясында 501 қатысушы гранттық қолдауларға ие болған. Жұмыс нәтижесінде 700-ден астам жұмыс орыны ашылды.
Жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлініп 1500 астам кәсіпкерге немесе кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға сервистік қызметтер көрсетілді. Нәтижесінде 200 жұмыс орны ашылды.
Аппарат жиынында үкіметтік емес ұйымдарды қолдау арқылы азаматтық қоғамды дамыту мәселесі де көтерілді. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырып, олардың жұмысы барлық санаттағы азаматтарға тиімді әсер ететінін айтты.