2022 жылғы 26 сәуірде сағат 00:20-да Ақтау қаласында, 23-шағынауданда, азық-түлік базарының аумағында қойма өртенді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Отқа оранған жердің нақтыланған ауданы 40 шаршы метрді құрайды (қойманың жалпы ауданы 80 ш. м.). 00-58 жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге ТЖД (20 қызметкер және 4 бірлік техника), АМО (3 қызметкер және 1 бірлік техника), ТП (6 қызметкер және 2 бірлік техника) күш салды.