Қала әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, мәселенің негізгі себебі - тұрғындар ауызсуды шаруашылық қажеттілікке көбірек пайдаланады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Соңғы 20 жылда ауызсу тапшылығы қатты білінді. Бұл туралы әртүрлі пікір бар. Кейбіреулер зауыт мамандарының жұмысын сынаса, енді біреулер судың бәрі «Rixos» қонақүйіне кетеді деп санайды. «Rixos Water World»-қа кететін судың Ақтау қаласына берілетін суға еш қатысы жоқ екенін есте ұстаған жөн. Негізгі жағдай - техникалық су нашар болғасын, тұрғындар ауызсуды тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланғанында жатыр. Су тапшылығын жою үшін "СК Строй Монтаж" ЖШС Ақтаудың солтүстігінде тәулігіне 20 мың текше метр су тұшытатын қондырғы салайын деп отыр. 2022 жылы 10 мың текше метр ауызсу өндіру жоспарды тұр. Сонымен қатар, 2024 жылдың басында ауызсу өндірісін тағы да 10 мың текше метрге ұлғайтамыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.