Күн тәртібінде №2 және №4 маршруттардың автобус паркін жаңарту мәселесі тұр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың халықпен кездесуінде айтылды. Бастапқы транш 20% көлемінде жергілікті бюджеттен бөлеміз, ал 16 автобусты лизингтік бағдарламамен сатып аламыз. Бұл автобустар осы жылдың екінші жартысында жүре бастайды деп отырмыз.
– Біздің міндетіміз - халықты толғандыратын мәселелерді тұрақты түрде шешу. Біздің мақсатымыз - баршаға тең жағдай жасау. Әрине, көптеген кемшіліктер бар, бәрі бір күнде шешілмейді. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сіздердің ұсыныстарыңызды ескеру үшін осындай кездесулер өткіземіз, - деді Нұрлан Ноғаев.