Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен университетте "AntiParaCraft-2022" квест-ойындары өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Квесттің мақсаты - жастардың бойындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды ояту.
Командалар бес кезеңдік (сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер түсіру, жоба әзірлеу, дебаттан турнир) жарыстан өтіп, ұпай жинады. Соңында "Адалдық капитандары турнирі" өтті, ол кезең сұрақ-жауап түрінде болды.
Қазылар алқасының шешімімен Бизнес және құқық факультетінің "Фемида" командасы жеңімпаз атанып, "Адалдық" кубогын жеңіп алды, Теңіз академиясының "Бірлік" командасы - І орынды, Инжиниринг факультетінің "Болашақ" командасы - ІІ орынды, Білім факультетінің "Sake" командасы - III орынды, Ғылым және бизнес факультетінің "Uniti" командасы мен Туризм және тілдер факультетінің "Ben Franklin" командасы V орынды иеленді.
"Саналы ұрпақ" клубының жетекшісі Гүлнар Қосшықызы "AntiParaCraft - 2022" шарасының өзектілігін түсіндіріп, жастар сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті рухани ауру деп тануы керек деді.