Қала тұрғынының бірі 16 шағынауданда балабақша және оны салатын жердің жоқ екенінін айтып, шағымданды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғынның айтуынша, 16 шағынауданда бос тұрған жер телімі жоқ. Екі жер бос тұр, оның бірі - мектепке арналса, енді бірі - жеке меншік кәсіпкерге берілген.
"Жер 2019 жылдан бері жекеге өткен. Біз қала әкімінен жеке меншікке берілген жерге балабақша салу үшін кәсіпкермен сөйлесуін сұраған едік. Бірақ ешқандай жауап болмады", - дейді 16 шағынаудан тұрғыны.
Қала әкімінің айтуынша, балабақша салуға бірнеше рет ұсыныс айтылған. Бірақ аталған ұсынысқа тұрғындар келіспеді.
"Өздеріңіз білесіздер, заңнан аттап кете алмаймыз. Сотқа бердік, бірақ сот біздің арызымызды қанағаттандырмады", - деді Н. Қилыбай.
Сондай-ақ, қала әкімі 16 шағынауданда жеке меншік жеріне балабақша саламын деген азаматтар бар. Сондықтан шағынауданда 2 балабақша салынатынын айтты.