Жаңаөзенде қоқыс тапсыратын экопункттер орнатылып жатыр. Жуырда экпункттың екінші нүктесі Теңге ауылында жұмысын бастайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жаңа жүйенің мақсаты - қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, қала мен оған іргелес ауылдардың тазалығын сақтау.
«Ecopunct» жүйесінде қайта өңделетін қоқысты ақшаға айырбастай алады. Қайта өңделетін қоқыстар қатарына пэт бөтелкелері, қағаз, картон, ПВД пленка, ПНД флакон жеміс-жидек тасымалдайтын пластик қораптар, ұн, секер тәрізді ұнтақ тамақ өнімдерден шыққан үлкен қаптар жатады.