Маңғыстауда уақытша ұстау изоляторында телефонды заңсыз тасымалдаудың жолы кесілді. «Nokia» телефонын дезодорантқа жасырмақ болған , - деп хабарлайды mangystaumedia.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ГМ 172/10 мекемесінде сотталғандарға арналған сәлемдемелер үнемі тексеріледі. Осы ретте жеке гигиеналық заттар қызметкерлердің назарын аударды. Нәтижесінде ар дезодоранты тосын сыйға толы болып шықты. Онда тек SIM картасы бар телефон ғана емес, сонымен қатар зарядтау кабелі болды.
«Тыйым салынған заттарды алып жүру рейтингінде телефондар көш бастап тұр. Ал бұл жолы кінәлілер тиісті жазасын алады. Себебі мұндай әрекеттерді жаза да тоқтатпай тұр, - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша түзеу мекемесінің ГМ172/10 мекемесі бастығының орынбасары Азат Орынбасаров.