© Фото google.com
Ақтау қаласындағы 26 шағын ауданда орналасқан үйлердің арасында жасанды жол кедергісі орнатылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасап.
Шағын аудан тұрғыны облыс әкімдігінің телеграм каналына 26 шағын ауданда орналасқан №1, 1б, 1г, 2, 3, 4 үйдің ауласында көлік қозғалысы көп болғандықтан, балалардың қауіпсіздігін сақтау мәселесі өзекті екенін айтып, жасанды жол кедергісін орнатуды сұраған.
Тұрғынның өтінішіне Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары дер кезінде жауап беріп, аталған мәселенің шешілу мерзімінен хабардар етті. Жауаптылардың айтуынша, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жасанды жол кедергісін орнату жұмыстары жоспар бойынша мамыр айында басталады. Жасанды жол кедергісі 26-шағынаудандағы үйлердің арасына да орнатылады.