Дәрігерлер 31 жастағы әйелдің денсаулығын қанағаттанарлық деп бағалап отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Қазіргі таңда науқас бізде емделіп жатыр, тігістері жазылуда, жағдайы қанағаттанарлық. Сәрсенбі, 13 сәуірде үйге шығады», - деп хабарлады Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының дәрігерлері.
Еске салайық, 22 наурызда "Kia" жүргізушісі көлік жууға жылдамдықпен кіріп кеткен. Оқиға орнындп көлік жуу мекемесінің қызметкері зардап шеккен. Жаңаөзен қаласының орталық қалалық ауруханасында зардап шегушінің аяғы кесіліп, ота жасалды.