© Фото Подслушано Актау инстапарақшасынан алынды
Жаңаөзенде Көктем шағынауданының 48, 49 үй тұрғындары балалар ойын алаңының қауіпсіз болғанын қалайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғындар әлеуметтік желіге балалар алаңының суретін бөлісіп, жаңартуды сұраған. Сондай-ақ ескі ойын алаңында балаларға қауіпті элементтер бар екенін айтқан.
Тұрғындардың айтуынша, бірнеше рет "Өзен инвест" мекемесіне барып, аталған мәселені айтқан. Алайда одан түк шықпады. Олар қала әкімдігінде қаржының жоқтығын сылтауратып, тұрғындардың бұл сұранысын орындамаған.
Көктем, жаз мезгілдері болғандықтан балалар алаңда ойнайтыны рас. Ал 15 жылдан бері бар ескі-құсқы ойын алаңы ананы алаңдатып тұр. Тіпті, баланы жазым қыла ма деп қорқады. Осы ретте шағынаудан тұрғындары Жаңаөзен қаласы әкімдігінен жаңа ойын алаңын салуды сұрап отыр.
Редакция аталған мәселеге орай Жаңаөзен қаласы әкімдігінен жауап күтуде.