Каспий теңізінің қазақстандық секторында өтіп жатқан маневрлерге Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдері тартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты әскери теңізшілер теңіздегі экономикалық қызмет объектілерін күзетуді және қорғауды жүзеге асырады.
Аталған іс-шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою туралы тапсырмаларын іске асыру барысында «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізіледі.