Ақшұқыр ауылының тұрғыны Ақтау қаласынан жедел жәрдемді күтуге байланысты туындайтын қиындықтар туралы айтты. Әйел 103 қызметінің басшылығынан жедел жәрдем көлігін Ақшұқыр және Саин Шапағатов ауылдарына қайтаруды сұрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Түпқараған ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақшұқыр ауылының тұрғындарына қазіргі уақытта екі жедел жәрдем көлігі қызмет көрсетеді. Оларды облыс орталығынан шақырудың қажеті жоқ. Бұл туралы ауданның баспасөз қызметі облыс әкімдігінің Телеграм-каналында ауыл тұрғынының сауалына жауап бере отырып хабарлады.
"2018 жылдан бастап Жедел жәрдем пультіне шақыру Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына жіберіледі. Яғни, бірінші қоңырауды Ақтаудағы бөлімше қабылдайды, содан кейін Ақшұқыр ауылында орналасқан бөлімшеге қайта бағытталады. Жедел жәрдем көлігі облыс орталығынан келмейді. Ақшұқыр ауылына екі жедел жәрдем көлігі қызмет көрсетеді және олар осы елді мекен тұрғындарының шақыруы бойынша келеді, деп түсіндірді ведомствода", - деді аудан әкімдігінде.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс әкімдігінің телеграм-каналына 5283 сұрақ келіп түсті. 5262-ге жауаптар берілді. Қазір алаңда 9286 адам тіркелген.