«Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында әскери-көлік авиациясымен әскерлерді Маңғыстау облысына жеткізу ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Бортында арнайы жасақ сарбаздары бар Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің екі С-295 ұшағы Жаңаөзен-Бейнеу тас жолының аэродром учаскесіне қонды.
Жерге қонғаннан кейін жеке құрам әскери техникамен жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмалары орындалатын орындарға бет алды.
Жол инфрақұрылымын балама аэродромдар ретінде пайдалану қарулы күштердің ұтқырлығына және арнайы жабдықталған ұшу-қону жолақтарынан қашықтықта әскери авиацияны пайдалануға мүмкіндік береді.