Теннистен халықаралық «J4 Antalya» турнирінде маңғыстаулық Даниал Рахматуллаев Чехиялық спортшы Петр Паначекпен теннис ойнап, финалда жеңіске жетті. Сондай-ақ, Даниал жекелей сында жартылай финалға шығып, төрттікке енді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Спорттық дода 21-27 наурыз аралығында Түркия Республикасының, Анталья қаласында өтті. Турнирге 30 мемлекеттен 64 спортшы қатысты. Даниал Рахматуллаев «Ақтау қалалық теннис бойынша балалар мен жасөсіпірімдер» спорт мектебінің спортшысы.
-Жарыс барысында Даниал жекелей сында Өзбекстан және Румыния мемлекетінен келген қарсыласын жеңді. 1/8 финалда Черногория мемлекетінің азаматы Симон Кнезевикті жеңіп жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Түркия мемлекетінің теннисшісі Топрак Авджибасиға есе жіберіп, үшінші орынға тұрақтады. Ал жұптық кезеңде Чехия азаматымен жұптасып өнер көрсетіп жеңіске қол жеткізді, - деді теннистен Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы Берекет Жәнібеков.