Басқұдық ауылдық округінде түнгі мезгілде полигонда заңсыз топырақ ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, жедел әрекет еткен. Нәтижесінде заңға қайшы ісі үшін жүк көліктері Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің айып тұрағына жабылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсталғандар жауапкершілікке тартылмақ.