Маңғыстау тарихында алғаш рет кіші ракетка спортшылары қыздар арасындағы командалық есепте ҚР чемпионатынан қола медаль иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ҚКО сілтеме жасап.
Жалпы, Маңғыстау теннисшілерінің қоржынында бес қола медаль және аралас жұптық түрде бір қоланы “Ақтау қалалық теннис бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің” спортшысы Аққу Темірханова еншіледі. Сондай-ақ, Аққу жекелей сында 80 теннисші қыздың арасында 7-орынға тұрақтады.
Ал, ұлдар командада 6-орын және 2 ұл Қазақстанның ең мықты ойыншыларының ТОП-16 құрамына кірді.
Үстел теннисінен МО аға жаттықтырушысы Махатай Рамазанұлының айтуынша, қыздардың ҚР чемпионатындағы жүлдесі үлкен жетістік.
-Біздің өсіп келе жатқан жұлдызымыз Аққу Темірханова аралас разрядта қола медальға ие болды. Ұлдар 2021 жылы екі рет осындай нәтижеге қол жеткізген болатын. Ұлдардың арасындағы ойын бәсекелестігі өте жоғары деңгейде тартысты өтті. Ұлдарымыз жақсы ойын көрсетті. Алайда қола жүлдеге сәл жетпей қалды. Дегенмен, екі спортшы Жұмағазы Дәурен мен Латифулла Жақсылықов “ТОП-16” Қазақстанның ең мықты ойыншыларының қатарына кірді. Олар 5-8 мамырда жекелей сынға түседі. Сондай-ақ, қыздар арасында “ТОП-12”-де Гузель Тургаева, “ТОП-16”-да Аққу Темірханова ойнайды. Бұл сөзсіз өлкеміз үшін жетістік,-деді Махатай Рамазанұлы.
Айта кетейік, Жарыс Алматы қаласында 21-27 наурыз аралығында өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 2007 жылғы және одан кіші жасөспірімдер жұптық, аралас, жекелей бағдарлама бойынша қатысып, шеберліктерін сынға салды.