Бүгін "Асқар тау" тұрғын үй кешені маңында тау боп үйілген қоқыс тазартылды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Еске салайық, кеше 19 шағынаудан, 21 үй тұрғындары әлеуметтік желі арқылы үй маңындағы қоқысқа шағымданған еді. Бүгін, 29 наурыз күні таңертең аталған жер қоқыстан тазартылды.
"Бұл жерден қатты тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс қалдықтары шығарылды. Қала тұрғындары, қоқысты белгіленген жерге, арнайы контейнерлерге төгулеріңізді сұраймыз", - деді қалалық әкімдік.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА