Олар Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазмұнайгаз» АҚ «Қаражанбас» кен орнында тәулігіне 17,0 мың текше метр су тұщыту зауытының құрылысына инвестор есебінен 18 млрд. теңге, ал «ҚаражанбасМұнай» АҚ есебінен инженерлік желілер үшін 3 млрд. теңге жұмсалады. Құрылыстың 74 % аяқталды, құрылыс-монтаждау жұмыстары шамамен 2022 жылдың тамызында аяқталады. Нәтижесінде облыс тұрғындарына «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырынан тәулігіне 17,0 мың м3 ауыз су жеткізіледі.
«Тәулігіне 40000 м3 ауыз су өндіруді ұлғайту бойынша Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту» жобасының жалпы құны 12,6 млрд. теңге. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 – 2022 жылдары республикалық бюджеттен 12,1 млрд. теңге бөлінді. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаны 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
«Ақтау қаласында қуаты тәулігіне 20 000 м3 су тұщыту зауытын салу» жобасын жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік сараптамаға құжат 2022 жылдың 10 сәуіріне дейін жолданады. Жобаны іске асыру кезеңі – 2022-2023 жылдар. Жобаның құны шамамен 4,0 млрд. теңгені құрайды.
«Кендірлі ауылында қуаты тәулігіне 50,0 мың текше метр су тұщыту зауытын салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны 87,8 млрд. теңге. Жобаны іске асыру кезеңі – 2022-2024 жылдар. Қазір жобаны «ҚазМұнайГаз» АҚ жүзеге асырып жатыр.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС аумағындағы қосымша қуаты тәулігіне 24,0 мың текше метрлік су тұщыту қондырғыларының құрылысын салу үшін 2021 жылы жергілікті бюджеттен жобаның ЖСҚ әзірлеуге 10,0 млн. теңге бөлінді. Жобаның шарттық құны 32 239,132 мың теңге.
Қазіргі жоба толығымен жасақталып мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Жобаны іске асыру кезеңі – 2022-2024 жылдар. Жобаның құны шамамен 18,9 млрд. теңгені құрайды.
Жалпы өнімділікті тәулігіне 100 мың м3 дейін жеткізе отырып, өнімділігі тәулігіне 60 мың м3 құрайтын «Каспий» су тұщыту зауытын салу (III кезек)» жобасының ТЭН-ін әзірлеуге
2021 жылы жергілікті бюджеттен 11,0 млн. теңге бөлінді. Жобалаушы – «Қаз Нұр жобалау-құрылыс институты» ЖШС болып анықталып, ТЭН-і 2022 жылдың сәуір айының соңында мемлекеттік сараптамаға жүктелу жоспарланған. Жобаны іске асыру кезеңі 2022 – 2025 жылдар. Жобаның құны шамамен 25 млрд. теңгені құрайды.
«Форт-Шевченко қаласындағы қуаты тәулігіне 5,0 мың текше метрлік су тұщыту қондырғысының құрылысын салу» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын Түпқараған ауданының әкімдігі әзірлеп, мемлекеттік сараптама жіберген. Жобаны іске асыру кезеңі – 2022-2023 жыл. Жобаның құны шамамен 7,0 млрд. теңгені құрайды.
«Түпқараған ауданы Ақшұқыр және С.Шапагатов елдімекендерінде қуаты тәулігіне 10,0 мың текше метрлік су тұщыту қондырғысының құрылысын салу» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптама қарауына 2022 жылдың мамыр айында жолдау жоспарланған. Жобаны іске асыру кезеңі – 2023-2024 жылдар. Жобаның құны шамамен 10,0 млрд. теңге.
«Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында қуаты тәулігіне 80,0 мың текше метр су тұщыту зауытын және су тартқышын салу» жобасы бойынша: Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында тәулігіне 104,0 мың текше метр қоры бар Төңірекшің кенорнының жер асты сулары бар. Кен орнынан суды тұщыландыру бойынша зауыт салу жобасы ұсынылды. Жобаның ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Жобаны іске асыру кезеңі – 2024-2025 жылдар. Жобаның құны шамамен 90,0 млрд. теңге.
Аталған жобаларды іске асыру арқылы өңірдегі ауыз су тапшылығын толықтай жою мүмкіндігі туады.