Бейсенбі күні облыс орталығында бұлтты ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз +7+10 градус, түнде +2+3 градус болады. Желдің жылдамдығы 7-10 м/с екпінмен 15 м/с жетеді. Түстен кейін жаңбыр жаууы мүмкін. Синоптиктер облыс бойынша жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін деп болжап отыр.