Жол-көлік оқиғасы 22 наурыз күні таңертең Жаңаөзенде "Астана" шағын ауданында болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Полицияның мәліметінше, "Kia Rio" автокөлігінің жүргізушісі "Астана" шағын ауданында "Империя" көлік жуу орталығының алдында газ және тежегіш педальдарын шатастырып, "Toyota Alphard"-пен соқтығысқан. Содан кейін ол көлік жуу боксындағы "Toyota Camry" автокөлігінің артқы бөлігін жуып жатқан әйелді соққан.
Жол апаты салдарынан 31 жастағы әйел зардап шекті. Оны қалалық орталық ауруханаға жеткізді. Ауруханадан келген ақпарат бойынша, әйел аяғынан айырылып, жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.
Қазіргі уақытта Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы тергеу жүргізуде.