Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8, 172/10 мекемесінде Наурыз мерекесі тойланды. Алаңда киіз үйлер мен қазан орнатылып, сотталғандар ұлттық киіммен сәнденді.
Мерекелік іс-шараны ГМ-172/8-де Маңғыстау облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Әмір Досқалиев ашты.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Наурыз-ата-бабаларымыздан қалған мереке, бұл күні табиғаттың өзі өмірге келеді, адамдардың жүрегі мейірімділік пен жылулыққа толады. Бүгінде ұлтына және діни сеніміне қарамастан барлық қазақстандық Наурызды тойлауда, - деді Әмір Досқалиев.
Концерт барысында сотталғандар көрермендерге ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетті. Киіз үй қонақтары бауырсақ, палау және Наурыз көжеден дәм татып, соңында арқан тарту және қол күресі бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
Қазақтың Наурыз мерекесін тойлау дәстүрін Маңғыстау тергеу изоляторы да көрсетті. Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 мекемелесіндегі сотталғандар бір ай бойы сөз сөйлеуге дайындалыпты. Ұлыстың Ұлы күнін тойлау дәстүрі туралы жан-жақты айту міндет болды. Мекеменің концерттік залындағы сахна киіз үйге айналып, дастархан молынан жайылып, қонақ шақырылды. Авторлардың сценариі бойынша үстел басында тек қазақтар ғана емес, сонымен қатар Наурызды қалай тойлауды мүлдем білмейтін шетелдіктер де отырды. Оларға осы жарқын күннің салт-дәстүрлері туралы айтылып, сонымен қатар Наурыз мейрамында міндетті түрде үстелде болуы тиіс тағамдар ұсынылды. Шетелдіктер мереке мен тамақ туралы сұрады, ал маңғыстаулықтар Наурыз туралы білімдерімен бөлісті. Сахнаға қатысушылардың әдемі ұлттық киімдері сән берді. Іс-шараның соңында қазақ дәстүрі бойынша шетелдіктерге құрмет пен достықтың белгісі ретінде шапандар сыйға тартылды.
"Қазақстандықтар үшін Наурыз - көктемгі жаңарудың, құнарлылық пен бақыт салтанатының белгісі. Ежелгі уақытта мереке келгенге дейін адамдар үйлерін ретке келтіріп, ағаштар мен гүлдер отырғызды, сыйлықтар сатып алды, көптеген тағамдар дайындады. Жыл сайын біздің мекемеде де осындай жағдай жасалады. Бірақ біз сотталғандарды да шығармашылықпен ынталандырамыз. Мысалы, бізде тек Уақытша тергеу абақтысы қабырғасында ғана гитара мен домбыра ойнай бастады. Бұл біздің жұмысымыздың жақсы көрсеткіші. Мысалы, жігіттер осы қойылым үшін арнайы "Адай" күйін үйренді. Наурыз мерекесіне арналған шағын-спектакльге 25 адам қатысты. Бұл жергілікті учаскедегі сотталғандар және мекеменің шаруашылық қызметкерлері, - деді ГМ 172/10 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы Ғабит Бердышев.
Дастарханға қойылған барлық тағамды сотталғандардың өздері дайындады. Сотталған Б. Домбаевтың жеке дәстүрі бар. Ол жыл сайын Наурыз айында тілек тілейді. Осы жылы мерекелік дастархан басында отырып, ол барлығына тез босап шығып, отбасымен кездесуді тіледі.
Мереке соңында тергеу изоляторларында спорттық іс-шаралар өткізілді. Сотталғандар асық ату, тоғыз құмалақ, гір тасын көтеру, шахмат және дойбы сияқты ойындарда бақ сынасты. Турнир жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.