31а-32а-31б-32б шағын аудандар арасындағы жол қиылысында "Daеwoo Nexia" автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған сигналынан өтіп, қарсы бағытта қозғалып келе жатқан "Toyota Land Cruiser Prado" автокөлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы туралы хабар Ақтау қаласы ПБ 102 кезекші пультіне 21 наурызда сағат 22.50 шамасында түскен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Олардың біреуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.
Автокөлік айыптұраққа жабылды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деді ПД хабарламасында.