Мұнайлы ауданының халық көп шоғырланатын жерлерінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай жүрмелі концерт өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік шара аудан әкімдігінің ұлттық мейрамды тойлауға арналған іс-шара жоспарына сай ұйымдастырылды. Көпшілік алдында Фариза Оңғарсынова атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен биден шашу шашты. Тұрғындарға ұлттық тағамдар ұсынылды.
-Бұл біздің ең қасиетті, қастерлі мерекеміз. Осы орайда аудан тұрғындарының ең көп жиналатын орындары ХҚКО-да және Маңғыстау ауылындағы “Рахат” сауда орталығында жүрмелі концерт ұсындық. Дәл осындай жүрмелі концерт 23 наурыз күні Басқұдық ауылындағы “Басқұдық” сауда орталығында да өтеді,- деді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ержан Күмісқалиев.
Мұнайлылықтар биыл Наурыз мейрамын ерекше көңіл күйде қарсы алуда.