Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аудан көлемінде 576 шаруа қожалығы бар. Оның 36-сы егін шаруашылығы, 540-ы мал шаруашылығымен айналысады. Былтыр 17 бригада 3 350 тонна шөп дайындады. Өзге облыстардан 31 750 тонна шөп тасымалданды. Маңғыстау облысының жергілікті бюджетінен қуаңшылықпен күрес бағытында 1 млрд. теңге қарастырылып, оның 408 млн. теңгесін Маңғыстау ауданы бойынша тағайындалған операторлар алып, аудан көлемінде қыстық қор жасақтап, жем-шөп тасымалын ұйымдастырды,-деді Тілек Көшмағанбетов.
Оның айтуынша, қуаңшылыққа байланысты тағы үкімет резервінен 1,9 млрд теңге қаржы қарастырылып, оның 553 млн. 848 мың теңгесі көрсетілген талаптарға сәйкес Маңғыстау ауданы тұрғындарына берілді. Оның ішінде 195 шаруа қожалығына 158 млн. 351 мың теңге, 2 817 үй шаруашылығына 395 млн. 496 мың теңге.
Жалпы, мал азығы-жемді әкелумен тұрақты түрде 9 жеке кәсіпкер айналысады. Жекелеген шаруа қожалықтары да вагондап жем алдырып отыр. 2021 жылға 388 вагон, 23 200 тонна жем келіп, бағасы 1700-2100 теңге аралығында сатылды.
Ал, шөптің бағасына келетін болсақ, Маңғыстауда дайындалған салмағы 18-20 келі 1 түк шөп 700-1000 тг аралығында сатылса, өзге облыстардан келген 1 түк шөп 1300-1500 тг аралығында сатылды. Өзге облыстардан тасымалданған орама шөп бағасы жаз, күз айларында 11 000 – 12 500 тг сатылды, қыс айларында 13000 – 18 000 тг аралығында сатылуда,-деді спикер.
Жалпы, өткен жылдың есебі бойынша ауданда 9610 сиыр, 27206 түйе, 53106 жылқы, 161 388 қой-ешкі тіркелген. «Жасыл дәліз – 2» бағдарламасы бойынша 30 670 ауыл шаруашылығы жануары қосылған. Тірілей салмақта 4142 тонна ет, 123 мың дана жұмыртқа өндірілген.
Қуаңшылыққа байланысты «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ы шаруа қожалықтарына жем-шөп тасымалына көмек ретінде 46 000 тонна дизель отынымен көмектесті. «Қызыл Ай» қоғамдық қорының қолдауымен Маңғыстау ауданының қуаңшылықтан зардап шеккен тұрғындарына 170 000 теңгеден 500 отбасыға көмек ретінде үлестіріліп берілді. Жалпы сомасы 85 млн. теңгені құрады.