Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов хабарлады.
Спикердің айтуынша, 2021 жылы бірнеше жолға жөндеу жүргізілген.
Атап айтсақ, 21 шақырымды құрайтын Шетпе-Тиген-Қызан автокөлік жолына орташа жөндеу жасалды. Жоба құны – 333,457 млн.теңге. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, қабылдау акті жасақталды. Бұдан бөлек, 14,7 шақырым құрайтын Қызан-Ақшымырау автокөлік жолы да жөнделді. Жоба құны – 363,025 млн.теңге. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Оңды демалыс орнына кіре беріс жолы да жасалды,-деді Тілек Көшмағанбетов.
Жалпы, ауданда 294 шақырым автомобиль жолдарының 245 шақырымы асфальт-бетон қосындысы бар қатқыл табанды, ал 49 шақырымы жартылай қиыршық тасты құрайды. Автокөлік жолының 71% – жақсы, 12% – қанағаттандырарлық, 17% – нашар жағдайда. 2021 жылға – 146,710 млн.теңге бөлініп, бекітілген кестеге сай жұмыстар жүргізілді.
Алдағы уақытта Шетпе-Қызан автокөлік жолының 49-85 шақырымын (Тасмұрын-Мәстек аралығы) және 85-110 шақырымын (Мәстек-Қызан аралығы) қайта құрылымдау жоспарланып отыр. Жоба құны – 5, 742 млрд.теңге. Мердігер мекеме «Аltynzhol Group» ЖШС. Құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жұмысты толығымен аяқтау үшін 2 млрд.теңгеден астам қаржы қажет.
Бұдан бөлек, Жыңғылды ауылы жолының 5,1 шақырымына дейін жөндеу жасалуда.
Жоба құны – 236,9 млн. теңге. Мердігер: «Ақжол+К» ЖШС. 2021 жылы құрылыс жұмыстарына 122,232 млн.теңге қаржы бөлініп, 5,1 шақырым автокөлік жолының негізі дайындалып, ПГС, ШПГС төсеу жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстарын осы жылы толықтай аяқтау жоспарлануда.