© Фото 24.kz сюжетінен скриншот жасалған
Маңғыстау облысының 105 жастағы тұрғыны Қанзия Сахауова бір ғасырдан астам өмір сүрудің қарапайым әдісін айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Ол алаңдамауға және бос уақытын жұмысқа арнауға тырысады. Қартайғанына қарамастан, Канзия барлық немерелері мен шөберелерінің есімдерін біледі және шатастырмайды. Қанзия Сахауова қаңтар айында 105 жасқа толғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол әйелдер әрқашан сыртқы келбетін қадағалауы керек деп санайды.
Ұлттық зергерлік бұйымдар, күміс сақина, сырға мен шашбау ғасыр жасаған әженің сүйікті әшекейлері.
Ұзақ өмір сүрудің сыры - еңбекте және басқа адамдарға деген ризашылықта. Мен күн сайын күлімсіреп қарсы алуға тырысамын. Әйел 105 жаста да әдемі болуы керек!, - дейді Қанзия Сахауова.
Қанзия Сахауованың күйеуі майданда қайтыс болып, екі баласымен жалғыз қалған. Мықты әйел оларды өсіріп қана қоймай, көптеген адамға үлгі болды. Колхозда жұмыс істеп, депутат та болған.
Ғасырдан да ұзақ жасаған әжей жақында денсаулығына байланысты Маңғыстау ауданынан Ақтауға көшіп келген. Дегенмен одан бата аламын дегендер жолдың қашықтығына қарамай келіп жатыр.