Облыстық ТЖД басшылығы барлық қажетті жабдығы бар «Ми-8АМТ» жаңа тікұшағымен толыққан «Қазавиақұтқару» АҚ филиалының авиапаркіне барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Қарау барысында Ақтау қаласындағы «Қазавиақұтқару» АҚ өкілі Өтеген Базаров авиациялық құтқару бөлімшесінің ағымдағы қызметімен және тікұшақтардың тактикалық-техникалық сипаттамасымен таныстырды.
Бүгінгі күні Маңғыстау облысының гарнизоны азаматтық қорғау саласында шұғыл көмек көрсету бойынша міндеттерді орындау үшін 2 әуе кемесімен жабдықталған. Атап айтқанда, "Ми-8АМТ", борттық нөмірі (UP-MI870) және "ЕС-145" Еурокоптері (UP-EC017).
Жаңа тікұшақтың тактикалық-техникалық сипаттамалары:
борттағы адамдар санының жалпы сыйымдылығы – 14 адам; жүк көтергіштігі – 13 000 кг.; барынша рұқсат етілген жылдамдығы – 250 км/сағ; практикалық төбесі – 3 980 М.; максималды төбесі – 5 000 м.; фюзеляждың ұзындығы – 18,65 М.; фюзеляждың ені – 2,5 м.; биіктігі – 4,76 М.; алып жүретін бұранданың диаметрі – 21,3 М.; бос тікұшақтың массасы – 7 200 кг.; кабинадағы жүк массасы – 4 000 кг.; ұшудың практикалық қашықтығы – 900 км.;
Сонымен қатар қосымша жабдығы бар:
1. Баллонеттер (суға авариялық отырғызу құралы);
2. ПЗУ (шаңнан қорғау құрылғысы);
3. СГ-300 (адамдар мен жүктерді су бетінде қалқып тұрған жерден көтеруге арналған шығыр);
4. ӘКҚ (өрт сөндіруге арналған суағар құрылғы, су алу көлемі – 3 000 кг.);
5. Авариялық салдар мен кеудешелер.