Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңаөзен қаласы бойынша 11 шақырым автокөлік жолы жөндеуден өткізілді. Оның ішінде: «Жаңаөзен қаласына кіреберіс» (3,3 шақырым); «Жаңаөзен станциясына кіреберіс» (3,3 шақырым); Балғымбаев көшесіне (2 шақырым әуежай жолы); «ӨМГ» АҚ-ның көлік басқармасының және жұмысшылар автостанциясының алдымен өтетін көшелердің ұзындығы 1,4 шақырым жолдары жөнделді,-деді Мақсат Ибағаров.
Сондай-ақ, Рахат ауылының, «Ақсу» және Кендірлі ауылының, «Жұлдыз» шағын аудандарында ұзындығы 9,9 шақырым автокөлік жолдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жоба құны - 302 млн. теңгені құрайды.
Сонымен қатар, қала бойынша 31 көше қиылысының бағдаршамдарын күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп, 4 көше қиылысына жаңадан бағдаршамдар орнатылды. Жаяу жүргіншілерге арналған 80 дана бағдаршам орнатылды (Теңге ауылы Ә.Жангелдін, А.Оңғарбекова көшесі қиылыстарына, Рахат ауылы «Ақсу» ш/а №1 аралық пен Қызылқұм көшесі қиылыстарына, «Арай» ш/а Алдашев көшесі мен «Ақбұлақ» ш/а кіреберіс жолдарының киылысы және қажеттілікке байланысты қаланың орталық, негізгі көшелеріне). Осы бағытта 73 млн. теңге игерілді.