© Фото prav.io сайтынан алынды
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров айтты.
«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы шеңберінде 218 жоба субсидияланды (несие сомасы 2 661 млн. теңге). Ал, «Нұр-Капитал» бағдарламасы аясында 3 жоба («Ақылы медициналық қызмет көрсету орталығына жабдық сатып алу», «Жұмыс істеп тұрған аспаздық өндіріс үшін үй-жай сатып алу» жобалары, Репетиторлық орталықтың құрылысы) 77 млн теңгеге қаржыландырылып, 9 жұмыс орны құрылды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 3 ауыл кәсіпкері мал шаруашылығын дамытуға 12 млн теңге қаражатқа ие болып, 7 жұмыс орны құрылды,-деді Мақсат Ибағаров.
Ақтау және Жаңаөзен қалаларына қарастырылған 700 млн. теңгенің 300 млн. теңге қаражаты шеңберінде 29 кәсіпкер 270 млн. теңгеге несие алған. Реинвестициялау бойынша 26 млн. теңгеге 3 кәсіпкер несие алды (4 және 6 пайызбен).
Жалпы, қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 9 084. Оның ішінде жұмыс жасап тұрғандары - 8 409, яғни жалпы санының 93%-ын құрайды.