Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов мәлімдеді. Қуаңшылыққа байланысты аудандағы 2304 жеке қосалқы шаруашылық пен 167 шаруа қожалықтардағы аналық мал басына 252,2 млн теңге көлемінде бір жолғы көмек ақша берілген.
Жалпы, былтыр ауданда жемге қажеттілік 12 243 тоннаны құрап, 11 181 тонна азық әкелінген, ал шөпке қажеттілік 16 000 тонна болса, 16 026 тонна тасымалданған.
Әсіресе, ауданда мал азығының бағасын нарықтан арзан бағаға сатуға басымдық берілген.
Мәселен, Ақмола облысы, Астрахан ауданының шаруаларымен келісім жасалып, 800 тонна арпа нарықтағы бағадан 16 теңге төмен бағада, яғни 1 кг 110 теңгеге сатылды. Одан бөлек СПК «Каспий» АҚ-ы арқылы 128 тонна бидай 105 теңгеден, яғни нарық бағасынан 22 теңгеге арзан сатылған.
Жергілікті «Ақтан» шаруа қожалығымен ауданға қарасты «Көлеңкелі» аймағынан 2000 тонна мал азығы (шөп) дайындалып, аудан көлемінде 900 теңгеден сатылды. Бейнеу ауданы бойынша белгіленген операторлардағы 43 647 тюк шөп «Қазимпекс Ақтау» қоры арқылы нарықтағы бағадан 440 теңгеге, яғни 1200 теңгенің шөбі 760 теңгеге арзандатылып сатылды. Сонымен қатар, 20 кг-дық қабы мың бес жүз теңгеге 1 025 тонна (51266 қап), 20-дық қабы мың теңгеге 294 тонна (14 714 қап) жем сатылды, - деді Бейнеубек Әбілов.
Сонымен қатар, Бейнеу ауданы әкімдігі СПК «Каспий» АҚ-ы арқылы шөп тасымалдауға 4 оператор белгіленіп, 193,0 млн.теңгеге 2256 тонна шөп әкелу жоспарланды. Оның 1646 тонна шөп (86820 тюк) қысқы қорға жинақталды. Жем тасымалына барлығы 2 оператор белгіленіп, 179,4 млн.теңгеге 1777 тонна жем әкелу жоспарланып отыр. Оның 569 тонна жем қоры қалыптастырылды.
Алдағы уақытта барлығы 857 тонна жем жеткізілуі жоспарлануда. Оның 367 тоннасы ауылшаруашылығы министрлігі арқылы, 490 тоннасы операторлар арқылы.
Қазіргі таңда, Ақжігіт ауылына 1 вагон жолданды, жақын арада келуі тиіс.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысына мал азығы шығынын субсидиялау бойынша 100,0 млн теңге бөлінген болатын. Бұл қаражаттан Бейнеу ауданының 47 шаруа қожалығы 44,5 млн. теңгесін яғни 44,5 процентін алды. 13 шаруа қожалық иесінің 10,6 млн теңгесі резервке қойылды.