Әкімдік Ақбота саябағындағы қыздардың тұрғындар наразылық білдірген мүсіндерге қатысты жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің айтуынша, қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр.
"Келісім-шарт жасалғаннан кейін аталған шағын сәулет нысандары қаланы абаттандыру жұмыстары аясында қалпына келтіріледі",- деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.