Бейсенбі күні облыс орталығында бұлтты ауа райы, жаңбыр мен жел болады. Ауа температурасы күндіз +13+14 градус, түнде + 9 градусқа дейін жетеді. Синоптиктер күні бойы жаңбыр жауады деп болжап отыр, бірақ кешке күшеюі мүмкін. Жел де кешке қарай күшейеді, оның жылдамдығы 28-30 м/с, күндіз – 23-28 м/с дейін жетеді.