Оқырман ұлттық киімдегі қыздардың мүсіндерінің суреттерін сайт редакциясына жіберді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мүсіндер облыс орталығындағы Ақбота паркінің жанында орнатылған.
"Бұл шағын сәулет нысандарын орнатпас бұрын әкімдік қабылдайды деп ойлаймын. Бірақ мұндай сүйкімсіздікті қабылдағанда жауаптылардың көзі не көрген? Бұл мазақ, қазақ қыздарының сұлулығын мазақ ету! Өткен жылы да қыздың мүсіні болды, біз оны ең жаман мүсін деп ойладық. Жоқ, ол суретші қазіргімен салыстырғанда Репин деңгейінде екен", - деп әзілдейді қала тұрғыны.
Редакция қалалық әкімдіктен жауап күтуде.