Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар, соның ішінде Маңғыстау тұрғындары бірден екі үлкен мерекені атап өтеді. Бұл 8 наурыз халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл мереке күндері халық жұмыс істемейді. Биылғы жылы 8 наурыз жұмыс күніне - сейсенбіге келеді, ал демалыс күні (5 наурыз сенбі) 7 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады.
Бұл күні бес күндік жұмыс аптасы бар жұмысшылар жұмыс істемейді. Яғни, олар 28 ақпаннан 5 наурызға дейін жұмыс істейді, ал 6 наурыздан 8 наурызға дейін демалады. Алты күндік жұмыс аптасында 7 наурыз жұмыс күні болады.
Наурыз мейрамы 21 наурыздан 23 наурызға дейін жалғасады. Демалыс күндері ауыспайды. Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлер 19-23 наурыз аралығында, ал алты күндік жұмыс аптасында 20-23 наурыз аралығында демалады.