Атамекен ауылындағы көші-қон қызметінің қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 35 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл азамат ҚР аумағында көші-қон заңнамасын бұзып жүрген. Сонымен қатар, ер адам көлік құралын "орташа" мас күйінде басқарған, мұны медициналық куәландыру растады. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша жасалған әкімшілік хаттама негізінде ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Кейін тәртіп бұзушы ҚР аумағынан шығарылады.