Түпқараған ауданында полицейлер көлік құралын басқарған 13 жастағы жүргізушіні ұстады. Рейдтік іс-шаралар кезінде көлік тоқтатылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түпқараған ауданының полиция қызметкерлері Сайын Шапағатов ауылының автожолында "Toyota Alphard" автокөлігін тоқтатты. Рөлде 13 жастағы жасөспірім отырған. Баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы). Осы бап бойынша 50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.