Бүгін Маңғыстау облысына Түрікменстаннан 257 қандас көшіп келді. Бұл туралы Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы Маңғыстау филиалы директоры, "Отандастар" қоры фронт кеңсе сарапшысы Нұржігіт Нұрболатұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Өңірге 71 отбасы келді. Яғни 257 адам, оның ішінде 148 - ересек, 109 - бала бар.
Олар Жаңаөзен, Ақтау, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына қоныстанбақ.