Белгілі болғандай, облыстың әрбір бесінші оқушысы үш ауысымды мектепте оқуға мәжбүр. Мектептердің жетіспеушілігі инвестициялық белсенділіктің жетіспеушілігімен де, "жас тұрғындардың" көптігімен де байланысты. Облыс халқының 38%-ын 15 жасқа дейінгі балалар құрайды, бұл ел бойынша ең жоғары нәтижелердің бірі. Сонымен қатар, туғандар саны бойынша Маңғыстау облысы бірден 7 өңірді басып озады. Ал бұл жақын болашақта мектеп жасындағы балалар одан да көп болады дегенді білдіреді.
Өкінішке қарай, мектептердің жетіспеушілігі – президенттің өзі бірнеше рет мәлімдеген жалпы қазақстандық "ауру". Мемлекет басшысы 2021 жылғы қыркүйектегі өз жолдауында: "Бұған дейін мен 2025 жылдың соңына дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген едім. Ал бүгінгі күні бұл санды 1000 мектепке дейін жеткізу міндетін қоямын" деген болатын.
Алайда Маңғыстау облысында жағдай мүшкіл. 2020/2021 оқу жылының басында облыста 15 үш ауысымды мектеп жұмыс істеді. Бұл өңірдегі барлық мектептердің 9,2%-ы. Бұл ретте жалпы ҚР бойынша үш ауысымды мектептер жалпы санның 2,2%-ын ғана құрайды. Ең сорақысы, мұндай мектептерде бірден 34,3 мың бала немесе өңірдегі барлық оқушылар санының 21,4%-ы оқыды. Салыстырар болсақ, жалпы ҚР бойынша үш ауысымдағы оқушылардың үлесі – 8%.
Әрине, жалпы ҚР бойынша бірқатар жақсы оқу орындары бар: Назарбаев Зияткерлік мектептері, BINOM Schools, РФММ және басқалары. Мұндай мектептер техникалық жабдықталудың жоғары деңгейімен, өзекті оқу бағдарламаларымен, кәсіби оқытушылар құрамымен ерекшеленеді.
Алайда, жаңа білім министрі Асхат Аймағамбетов хабарлағандай, Маңғыстау облысында осы саладағы мәселелердің барлық спектрі толық бақылауға алынады. Атап айтқанда, облыста 24 мектеп және жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша тағы 11 құрылыс салынатын болады. Сонымен қатар Ақтау, Жаңаөзенде және облыстың басқа аудандарында жаңа және заманауи мектептер тұрғызылады.
Бұл жолы қабылданған шаралар шынымен нәтиже береді және аймақтағы жағдай оңалады деп үміттенеміз.
Дереккөз: ranking.kz