Ақтау қаласындағы «Нұрас» жанар-жағармай құю бекетінен арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына дейінгі автомобиль жолы жаңартылатын болды. Аталған мәселе бойынша облыс әкімдігінің телеграмм каналына желі қолданушысы өз пікірін білдіріп, әкімдікке өтініш жазыпты. Тұрғын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан басталып «Нұрас» жанар-жағармай құю бекетіне дейінгі жолды төрт жолақты етіп жасауға өтініш білдірген. Тұрғынның сауалына жауаптылар дер кезінде жауап беріп, аталған мәселенің шешілу барысы туралы хабардар етті,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығы.
Жауаптылардың мәліметінше, былтыр 2021 жылы "Нұрас" жанар-жағармай құю бекетінен арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына дейін автомобиль жолын жаңарту бойынша арнайы жоба жасақталған. Жоба аясында 2 жолақ автомобиль жолын 6 жолаққа кеңейту жоспарлануда. Алдағы уақытта қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізіледі,- дейді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.
СНХ: Мадина Боранбайқызы, МО ӘА «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ әлеуметтік желімен жұмыс бөлімінің маманы
-Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің телеграм каналына 3911 сұрақ келіп түсті. Оның ішінде 3 881 сұраққа жауап берілді. Телеграмм каналға 8 941 адам тіркелген. Облыс әкімдігінің телеграм каналы тұрғындардың кез-келген өзекті мәселені қозғап, жауапты мекеме өкілдерінен жедел түрде жауабын алатын алаңға айналған.