6-ақпаннан бастап Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Маңғыстау облысы “жасыл” аймаққа өтті. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров хабарлады.
Спикердің айтуынша, өңірде жағдай қалыпты. Соңғы тәулікте індет 15 адамнан анықталған. Көрсеткіш тұрақтанып келеді.
-Ауру тіркелу ошақтары көп жер Ақтау қаласы 10 адамнан, Жаңаөзен қаласы 1 адамнан, Мұнайлы ауданы 3 адамнан, Қарақия ауданы 1 адамнан анықталды.
Жедел жәрдем қызметінде 53 бригада жұмыс істеп жатыр. Резервте – 16 бригада бар. Өткен тәулікте 645 шақырту түскен. Оның ішінде КВИ – 1, пневмония – 4, ОРВИ - 61. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелері деңгейінде 908 КВИ ауруы оқшауланған, - деді Аманбек Жұмыров.
Облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында коронавирустық инфекциясы бар науқастарға арналған 105 мобильді бригада жұмылдырылған, 48 мобильді бригада резервте тұр. Облыста ересектерге 41, жүкті әйелдерге 27, балаларға 26 сүзгі орнатылған. Медициналық ұйымдардың ішкі бұйрықтарымен ЖРВИ-мен ауыратын науқастарға БМСК деңгейінде триаждау және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жауапты мамандар бекітілген.
Облыстың барлық медициналық ұйымдары жеткілікті мөлшерде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Қоймада 56 928 жеке қорғаныс құралдары бар. ЖҚҚ тізімдері мен жеткізілімдері апта сайын жаңартылып отырады және денсаулық сақтау басқармасы бақылайды.