Мұнайлы ауданында келесі жылы аурухана құрылысы басталады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Ербол Махитов хабарлады.
Оның айтуынша, келесі жылы өңірде 2 денсаулық нысанын салу жоспарланған.
2022 жылы Мұнайлы ауданының орталығында 150 орындық аурухана салынады. Мұнайлы ауданының саны 180 мың адамды құрайды. Бүгінгі таңда ауданда орталық аурухана жоқ, осыған байланысты аудан тұрғындары облыс орталығы Ақтау қаласына қатынайды. Жоба әлеуметтік маңызы бар санатқа жатады. 2022 жылға арналған республикалық бюджетті дамыту үшін нысаналы трансферттер тізбесі бойынша құрылысқа 2 млрд теңге бөлінді. 2023 жылға 3 млрд теңге. 2024 жылға 6,774 млрд теңге жоспарланған. Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды,-деді Ербол Махитов.
Бұдан бөлек, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында 40 адамға арналған амулатория құрылысы басталады. Сондай-ақ, қазір облыста Жаңаөзен қаласының Қызылсай және Рахат ауылында 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы жүріп жатыр. Соңғысы 90% аяқталды. 2022 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі.