Маңғыстау облыстық монополияға қарсы департаменті жанынан кедергілер кеңесі құрылған. Тұрғындардың арыз-шағымы бойынша департамент домофон құрылғыларын орнату және күтіп ұстау нарығына талдау жүргізген. Талдау барысында домофон орнатумен айналысатын компаниялар тарапынан заң бұзушылықтар анықталды дейді департаментте. Мәселен, тұрғын үйге құрылғыны орнатқан компаниялар әрі қарай күтіп ұстауға міндетті келісім-шарт жасауға мәжбүрлеген. Кейбір компаниялар домофонды өз теңгерімінде алып қалып отырған. Тұрғындар құрылғыны сатып алып, бүкіл төлемді жүргізген соң домофон тұрғындардың теңгеріміне өту керек.
Тұрғындар домофон құрылғысын орнату үшін арнайы компаниямен келісім-шарт жасау керек. Төлем тек орнату үшін жасалуы тиіс. Одан кейін құқықтық қатынастар тоқтатылу керек. Егер құрылғы бұзылса сервистік компания шақыру керек. Ал Ақтауда фомофон орнататын компаниялар коммуналдық қызмет ретінде ай сайын абоненттік төлемге түбіртек беріп отырған, - дейді Мөлдір Сарыева Маңғыстау облыстық Монополияға қарсы органының талдау бөлімі басшысы.
Департамент мәліметіне сәйкес қазіргі уақытта заң бұзушылық жасаған 4 компанияға ден қою актісі енгізіліп, орындалған. Алдағы уақытта тағы да құқық бұзушылықтар болса тұрғындар сотқа шағымдана алады.