Бейнеу аудандық ауруханасының мәліметінше № 99/116 әскери бөлімінің қатардағы жауынгерлері жарақаттанған. Олар зениттік қондырғының ЗУ-23/2 оқ-дәрісін тауып, ол орынды арнайы жалаумен белгі қойып жатқан кезде жарылыс болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қорғаныс министрлігі оқиғаға тергеу жүргізіліп бастағанынан басқа ақпарат бермеді.
5 әскери қызметкердің біреуінің аяқ-қолында көп жарақат бар. Оған ота жасалды. Қазір бесеуі де бақылауда, ем алып жатыр, - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Қабдешұлы телефон арқылы әскери қызметкерлердің Атырау облсындағы әскери госпитальге жібергенін хабарлады.
Бұдан бұрын Бейнеу ауданының 99116 әскери бөліміндегі 5 әскери қызметкердің жарақаттанғанын хабарлаған едік.
Махаббат Нұржанқызы